Қостанай облысының әкімі жас дәрігерлерді жұмысқа шақырады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында Тобыл өңіріне басқа аймақтардан келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, оларға көтерме ақы төленетінін мәлімдеді. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі хабарлады. 

Архимед Мұхамбетовтің мәліметінше, 2019 жылы облысқа 265 дәрігер келген. Оның ішінде ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123 млн теңге көтерме ақы төленген. Медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де шешіліпті.

«Былтыр облыс әкімдігі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымымен 350 медицина қызметкері үшін тұрғын үй сатып алу туралы келісім жасады. Нәтижесінде облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері басқа жақтан келген 146 маманды үймен қамтамасыз етті. Осы жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 8,8 млн теңгеге 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алады. Сол себепті жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз» деді облыс әкімі.

Есеп беру кездесуде белгілі болғандай, жалпы 2020 жылы денсаулық сақтау саласына 3,7 млрд теңге қосымша қаражат бағытталған. Оның ішінде емханаларға 80 санитарлық автокөлік сатып алынады.

Мынаны да қараңыз

Қостанай қаласының әкімі де коронавирусқа шалдықты

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те COVID-19 індетіне шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *