Қостанай облысында сапалы білім беруге қажетті жағдайлар жасалады

Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде өңірде жатақхана мәселесі толықтай шешілетінін айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

«Студенттерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жалпы құны 707,2 миллион теңгеге 336 орынға арналған жатақхана салып жатыр. Бұдан бөлек Қостанай қаласында 4 студент үйін салу жоспарланды. Атап айтқанда, Қостанай медициналық колледжі, жоғары политехникалық колледжі, автомобиль көлігі колледжі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында жатақхана бой көтереді» деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол сапалы білім беруге қажетті жағдай жасау үшін жыл сайын облыс бюджетінен қомақты қаржы бөлінетінін айтты. Әкімнің айтуынша, мәселен, былтыр білім саласының шығындарына 80,2 млрд теңге бағытталған.

«Қостанай қаласында 900 орынға арналған 2 мектеп ашылды. «Әуежай» шағын ауданындағы орта мектеп және мемлекеттік тілде оқытатын мектеп-гимназия өңірдегі үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік берді. Облыста тағы екі мектептің құрылысы басталды. 21 білім беру обьектісі күрделі жөндеуден өтті. 2020 жылы 15 білім нысанына 2,9 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр» деді Архимед Мұхамбетов.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *