Ауылдарды ауызсумен қамту, газдандыру жұмыстары жүріп жатыр — облыс әкімі

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғанын айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

2019 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтаудың 22 жобасына 8,1 млрд теңге бағытталды. Б. Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды.

«Бүгінде 175 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 24 ауылда жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл мақсатта 7,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 63,4%-ке дейін өседі» деді Архимед Мұхамбетов.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында газдандыру жұмыстары жалғасуда. «ҚазМұнайГаз» ҰК арқылы 2016 жылдан бастап 40 мың адам тұратын 8 елді мекен газдандырылған. 2020 жылдың басында облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 56%-ды құрады.

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *