Өзбектер Қостанайда шығарылған көліктерді мінеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ташкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айтулы шарада Архимед Мұхамбетов өңірдің автокөлік шығару саласын таныстырған.

«Өзбекстан Республикасының аймақтарымен өткен жылғы сауда айналымы 34,9%-ға өсіп, 150 млн АҚШ долларына жетті. Форумда 2020-2021 жылдарға арналған Ташкент облысының хокимияты мен Қостанай облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әріптестік аясында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген автомобильдерді сату және экспорттау үшін «Avtosanoat invest» ЖШҚ, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «Группа компания Аллюр» АҚ арасындағы бірлескен кәсіпорын туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды» делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанайда қылмыстық топ құрықталды

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қостанайда бір тұлғаның заңға ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *