Қостанай облысы: Бірқатар шенеунік 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті

Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттіктің Қостанай облыстық департаменті облыстық Ауыл шаруашылығы және Жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады» деді ол.

Аппарат басшысының дерегінше, олар жайылым және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтарының іс жүзінде орындамаған жұмыстарын растау арқылы 37 миллион теңгеден астам мемлекеттік субсидияны алаяқтық жолмен ұрлау күдігіне ілінген.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *