Қостанай облысы: Індет жұқтырған 4 адам да Жітіқарадан

Қостанай облысында анықталған 4 адам да Жітіқара қаласының тұрғындары болып шықты. Бұл туралы Президент жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекетік комиссияның Жедел тобы хабарлады.

Төрт азаматтың екеуі — 1972 және 1993 жылы туған азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдардың көршілері, қалған екеуі — 1975 және 1998 жылғы азаматтар бұған дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 4 адамнан да COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығына шағымы жоқ. Бұл азаматтар оқшауланды және тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Олардың қатынасқан адамдарын анықтап, оқшаулау жұмыстары қолға алынған. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 19 адам бар.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *