11500 медициналық масканы Ресейге заңсыз алып өтпек болған

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясына медициналық маска өткізбек болған көлік жүргізушісін қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 21 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрақ» шекара бөлімінде болған. Шекараның бақылау бөлімінің бастығы Өмірбек Қуатовтың айтуынша, күдікті иіс сезгіш иттің көмегімен ұсталған.

«Күнделікті әскери қызмет барысында заң бұзушылық әрекетінің беті ашылды. Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан шекарадан заңсыз медициналық масканы алып өтпек болған азамат ұсталды. Мемлекеттік нөмірі В844 ЕУО «Мерседес» маркалы жүк көлігі «Алматы-Екатеринбург» бағытында жолға шыққан. «Қайрақ» шекара қызметкерлері иіс сезгіш иттердің көмегімен оның 11500 дана масканы заңсыз алып өтпек болғанын анықтады. Шығын көлемі 1357000 теңгені құрайды» деді Өмірбек Қуатов.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Тәркіленген медициналық маска Экономикалық бақылау басқармасына жөнелтілді.

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *