Қостанай облысында 3 мың адам азық-түлік себетін алды

Қостанай облысында 3000 адамға азық-түлік себеті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан #Birgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов дәрігерлерге медициналық заттарды табыс етті. Облыс дәрігерлері жалпы сомасы 35 млн теңге болатын 7 мың арнайы KN95 кәсіби маскасын, 3 мың бір реттік қорғау костюмдерін және 120 инфрақызыл термометрін алды. Бұл біздің дәрігерлерге коронавируспен күресте үлкен көмек екені сөзсіз. Жалпы акция аясында облыста 3000 мұқтаж азамат азық-түлік себетін алды. Бұл мақсатта 33 млн 480 мың теңге жұмсалды.

«Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді,аннисептиктер мен маскаларды байланыссыз үлестіру мақсатында 20 мобильді топ құрылды. Топ мүшелері биологиялық қорғаныш костюмдермен қамтамасыз етілді. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Оның үстіне облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне, әлеуметтік желілерге өтініш көптеп түсуде. Әрбір өтінішті біз жеке жеке қарастырып,әрбіреуінің шешілуіне зор мән береміз. Сәуір айының бас кезінен бері қабылдау бөліміне 2000 нан астам өтініш келіп түскен. Facebook.Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларға күніне 50-100 өтініш келеді. Ешбір азаматтың берген өтініші елеусіз қалмайды» деді Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...