Жітіқара: 5 жасар бала 5-қабаттан құлап кетті

Қостанай облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында Жітіқара қаласында болған. Бала үйдің бесінші қабатындағы балконнан құлап кеткен.

«Оқиға орнына жеткен фельдшердің айтуынша, сәби қараусыз қалған. Терезедегі маскит торын басып қалып, төменге құлап кеткен. Қаңқа сүйектері сынбаған. Сағат 17.09 кезінде стационарға жатқызылды. Қазір ол дәрігерлердің қарауында» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Мәлім болғандай, бала гүлзардың үстіне құлап, аман қалған. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр.

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *