«Birgemiz»: Қостанай облысы Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтті

«Birgemiz» акциясы аясында қостанайлықтар Түркістан облысының Мақтаарал ауданына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған. Гуманитарлық көмекке жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қаржы бөлген. Бүгін партия белсенділері мен волонтерлер жүк көліктеріне азық-түлік тиеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, гуманитарлық көмек Түркістан облысына үш күн ішінде жетеді.

«Апат айтып келмейтіні рас. Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғындары су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болғанын барлығымыз көріп, біліп, шалғайда жатсақ та тілекші болып отырмыз. Осы ретте бүкіл ел жұдырықтай жұмылып, Мақтааралға көмек қолын созуда. Елді бірлікке шақыратын мұндай игі шарадан Қостанай облысы да шет қалған жоқ. Отандастарымыз үшін қиын уақытта әлеуметтік жауапкершілік танытып, қол ұшын созған «Salamat» және «Атамекен-Дос» серіктестіктерінің басшыларына алғысымызды білдіреміз» деді Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...