Архимед Мұхамбетов коронавирустан қорғанудың негізгі 5 ережесін еске салды

Бүгін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Жедел штабтың отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов індеттен қорғанудың ережелерін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғындарға тағы да мәлімдеме жасағым келеді. Қазір карантин шектеулерін жеңілдетіп жатырмыз. Бірақ вирустан қорғанудың бес «алтын» ережесі әлі күшінде. Бұл туралы дәрігерлер де үнемі айтып келеді. Біріншісі – қашықтықты сақтау. Қасыңдағы адамнан кем дегенде 2 метр қашықта жүру, үйден ретсіз шықпауға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу. Екіншісі – жеке гигиена талаптарын бұлжытпай орындау. Үшіншіден көзді, құлақты, бетті, ерінді ұстамау керек» деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, төртінші ереже – маска тағып жүру. Себебі вирус таратушылар көшеде, қоғамдық орындарда болуы мүмкін. Қостанай әкімінің бесінші кеңесі – түшкіру және жөтелу ережесін сақтау.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалық әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетуден бас тартқан

Арқалық қалалық соты Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 100 АЕК мөлшерінде ...