«Қостанайдың жолдары ұрыс даласына ұқсайды…»

Қостанайлық белсенді тұрғылықты жерінің көшелерінің қазіргі ахуалын әжуалайтын қысқаметражды көркем фильм түсірді деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол фильм барысында бейбіт күнде бұзылған шұрық-тесік жолдарды назарға алған. Сол арқылы Қостанай көшелерін ұрыс даласына ұқсатып отыр. Автордың ойынша, фильмге түсірген көшелерде көліктен гөрі жаяу жүрген тиімдірек.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бері 75 жыл өтті. Әйтсе де, Қостанайдың жолдары әлі күнге дейін ұрыс даласына ұқсайды. Тек автокөлік тізгіндеушілер жолдағы ой-шұқырға наразы. Жағдайдың қисынсыздығына қарамастан, бұл шындыққа жанасады.  2020 жылы Қостанай облысындағы жолдарды жөндеуге тағы миллиардтаған теңге бөлінген. Бюджеттің қалай игерілгені жолдың сапасына қарай айқындалады емес пе?
Әлде асфальт тағы да өткен жылдардағыдай қармен еріп кете ме? Биыл қала тұрғындары жолдардағы тесіктер мен шұңқырлардың рекордтық санына жетті. Сол ойық-тесіктердің «арқасында» көлік жүргізу қауіпке айналды. Мұндай жағдайда танкке қайта ауысу керек немесе жаяу жүру әлдеқайда тиімді» деп жазды фильм авторы Тоқтар Мамедов Instagram парақшасында.

Айтпақшы, Қостанай көшелерінің сапасыздығына налыған автор фильмге соғыс даласының эффектілерін қосқан.

View this post on Instagram

Прошло 75 лет после победы в Великой Отечественной войне, но костанайские дороги до сих пор выглядят как поле боя, только уже автовладельцев против дорожных ям. Костанайский активист провел акцию «Дороги войны» и снял художественный короткий ролик, на котором он показал разбитые дороги в мирное время. — Издевательство над потомками народа победителей? — Или нашу страну захватили, но уже не фашисты, а коррупционеры? ⠀ Несмотря на ироничность ситуации, это кажется наиболее реальным. В 2020 году на ремонт дорог в Костанайской области в очередной раз было выделено миллиарды тенге. Будет ли заметна большая цифра на качестве дорог после того, как бюджет освоят? Или же опять асфальт растает вместе со снегом, как в предыдущие года? Жители города в этом году отмечают рекордное количество ям и ухабов на дорогах, благодаря которым вождение становится максимально опасным. И в таких ситуациях намного разумнее кажется пересесть на танки или вовсе ходить пешком. Автор: @toktar_019 . . #Токаев #акорда #шпекбаев #нурсултан #руханижаңғыру

A post shared by Toktar Makhmetov (@toktar_019) on

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *