Қостанайда экология бөлімінің басшысына қатысты іс тергеліп жатыр

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Экологиялық реттеу бөлімінің басшысына қатысты іс тергелуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы жеке кәсіпкерден 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алған деген күдікке ілініп отыр. Ол қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларға қатысты тиісті құжаттардың рәсімделу мерзімін жеделдету және оң шешім қабылдануы үшін осы қадамға барған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот отырысы шығарады» деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мынаны да қараңыз

«Нурикамал» әнінің шығу тарихы туралы

Біздің қоғам қызық қоғам, бүк не шік дейді, орысша айтқанда «золотая середина» дегенді қабылдай алмайды. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *