«Цифрлық Қазақстан»: Бағдарламаның орындалуына 3,5 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына 3,5 млрд теңге қаражат бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінде өткен жиында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңеске ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

«Біздің облыс цифрландыру жобалары бойынша республикадағы үздіктердiң бірі саналады. Осы арқылы экономика саласы едәуір серпін алды. Осы жылы цифрлық жобаларды іске асыруға бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама аясында 13 бағыт бойынша цифрландырудың жол картасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, құрылыс, ТКШ, көлік, экология, қалалық басқару, ШОБ, туризм және қауіпсіздік салаларына назар аударылады. Бағдарламаны кешенді түрде іске асырамыз», — деді облыс басшысы Архимед Мұхамбетов.

Кеңес қорытындысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қостанай облысы жобаларды бірлесіп жасау туралы шешім қабылдады.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *