21.06.2020

Қостанайда балабақша тәрбиешілері коронавирус жұқтырған

Қостанай қаласында коронавирустық инфекция №69 балабақша педагогтарынан анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. «Балабақша педагогтары COVID-19 вирусының симптомсыз тасымалдаушылары саналады. Қазір мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды. Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Педагогтармен жақын байланыста болғандар Қостанай қаласының емханаларында бақылауға алынады және тексеріледі» делінген департамент хабарламада.

Толығырақ »