Қостанайда 3-17 тамызда карантиндік шаралар күшейтіледі

Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды деп хабарлады ҚазАқпарат.

2020 жылдың 3 және 17 тамыз аралығында облысы аумағында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.

1)Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі. Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақтар мен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынады.

2)Саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынсын;

3) ХҚКО жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBBot 2.0 арқылы арнайы ХҚКО арқылы алдын ала брондау бойынша, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ХҚКО (Арнайы ХҚКО) және CaII орталықтардың жұмыс кестесі белгіленсін;

4) жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және басқалар), сондай-ақ қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде) және көшеде болған кезде барлық адамдарға қорғаныш маскаларын міндетті түрде кию керек;

Қатаң шектеу шаралары 3 тамыз үні сағат 00:00 бастап күшіне енеді.

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері халықпен жүздесті

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қор жұмысын насихаттау, өз жақтастарына түсіндіру ...