«Бұл жарғанат қой!»: Қостанайда супермаркеттен шу шықты (видео)

6 қыркүйекте кешке Қостанай қаласының тұрғыны супермаркеттен тамақ сатып алған, соның ішінде жылтыр қаптамадағы көк-сөк те бар. Таңертең балаға сэндвич жасайын деп әлгі қаптаманы ашқан әйел шыңғырып, жыбырлаған нәрседен бүкіл денесі түршіккен деп хабарлайды zakon.kz.

— Кешке жылтыр қаптаманы тоңазытқышқа салып қойғанмын. Таңертең оны алып, жапырақтарын суға салып жуа бастадым, сол кезде бір дыбысты естідім. Жылтырдың шытыры шығар деп оны елемедім. Жапырақтарды жайлай бастағанда ыдыстың түбінде бір мақұлық маған қарап, әлдеқандай дыбыс шығарғанын көрдім. Қорыққанымнан шыңғырып жібердім. Қасыма күйеуім жүгіріп келіп: «Бұл жарғанат қой», — деді. Шынымды айтсам, әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Ол мені тістеп алса не болар еді? Көбіне 9 жасар қызымыз салатты өзі алып, тамағын дайындайтын. Егер ол алғанда не болар еді, — дейді әйел «Костанайские новости» басылымына берген сұқбатында.

Таңғы астан кейін ерлі-зайыптылар дүкенге барған. Әрине, дүкен әкімшісі де жылтырдағы мақұлықты көріп, таңғалған. Ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтқан. Сөйткен дүкендегілер тұтынушыға тауарды шығарушыларға хабарласуға кеңес беріп, қандай да бір жауапкершіліктен жалтарған.

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *