«Оның жетеуі — 6 жасқа дейінгі бала»: Қостанай облысында мектеп асханасынан 11 адам уланып қалды

Қостанай облысының Тимофеев ауылындағы мектеп-интернатта бірнеше адам тамақтан уланып қалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Оның жетеуі – алты жасқа дейінгі бала болса, қалған төртеуі – шағын орталық қызметкерлері. Олардың барлығына «асқазан-ішек жолдарының қабынуы» деген диагноз қойылды. Тексеріс барысында науқастардың тамақтан уланғандығы анықталған. Зертханалық сараптама да  сальмонелла диагнозын растады. Қазір олар Әулиекөл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайлары тұрақты.

– Мамандар мектеп асханасын тексеріп, азық-түлік, ауызсу, шайынды су сынамаларын зертханалық сараптамаға жіберді. Тимофеев ауылындағы мектеп шағын. Сондықтан сабақ дәстүрлі оқу жүйесімен өткізіледі. Балалар дүйсенбіден жұмаға дейін интернатта жатып оқиды. Сонда тамақтанады. Ал шағын орталықта 14 бүлдіршін тәрбиеленеді. Оның жетеуі уланып қалған. Қалғаны аман-сау, — дейді Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *