Қостанай облысында Праймериз басталғалы 3000-нан астам іс-шара ұйымдастырылған

Қостанай облысы тұрғындарының саяси белсенділігі күн санап артып келеді деп хабарлайды tobyl-tobyl.kz Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оған дәлел ретінде 819 қостанайлықтың Nur Otan партиясының праймеризіне қатысып жатқанын мысал ретінде айтсақ та болады. 14-16 қыркүйек аралығында өңірде 36 дебат өткізіліп, оған 200-ден астам кандидат қатысқан. Бүгінде Қостанай қаласынан партия ішілік сайлауға қатысушылардың үшінші легі жария пікірталас өткізді» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ үміткерлер халық денсаулығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғындарарға білім, спорт және мәдениеттің қол жетімділігі сынды өзекті мәселелерді талқылаған.

«Сонымен қатар, пікірталастар ауылды дамыту, патриотизм және әлеуметтік бірлік тақырыптарын және аймағымыздың стратегиялық басымдықтарын көтерді. Сонымен қатар, өтініш берушілер аудиторияның сұрақтарына да жауап берді.
Жалпы Қостанай облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 3055 іс-шара ұйымдастырылған. Оған 37 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ 800-ден астам іс-шара онлайн режиімінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 819 үміткердің 799 -ы үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйымдарында 2680 кездесу өткізіліп, оған 33 632 адам қатысты. Есіктен – есікке акциясына 415 кандидат қатысып, 2687 адамды қамтыған» делінген хабарламада.

Тағы бір айта кетерлігі, Қостанай облысында жүріп жатқан праймериз кезінде карантиндік сақтық шаралары да ережеге сай сақталуда. Бұдан бөлек, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 550-ден астам сілтеме, әлеуметтік желілерге праймериз туралы мыңнан астам пост жарияланған.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...