PRIMARIES. Гүлім Ысмағұлдың сайлауалды бағдарламасы

Өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен партия ішіндегі праймериз сайлауы басталды. Бүгінгі таңда осы бастама аясында беделді, көшбасшы азаматтар праймеризге қатысып, өз үлестерін қосып жатыр. Осы ретте мен де үміткер ретінде тіркеліп, елдің аманатын арқалауға бел будым.

Сонымен, сайлауалды бағдарламамда төмендегі мәселелерге ерекше назар аударатын боламын. Ол – жастардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал ету, шығармашыл жастарға бағыт-бағдар беру және жұмыссыз жастардың жұмыс табуына ықпал ету.

— Бүгінгі таңда біздің ауданымызда ғана емес, еліміз бойынша білікті кадр мәселесі күн тәртібінде тұрған проблеманың бірі деп есептеймін. Қазірде жұмыс бар – сапалы кадр жоқ. Ал ауданымыздан түлеп ұшқан студенттер ЖОО бітіргеннен кейін елге келіп, қызмет еткісі келмейді. Ол үшін жас маманға жағдай жасалуы қажет, оларды баспанамен қамтып, жақсы жалақы бөлінуі тиіс. Мемлекетімізде «Дипломмен – ауылға», «Серпін», т.б. бағдарламалар арқылы жастардың елді мекендерде қызмет етуіне барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бірақ көп ретте ауданымызға еңбек етуге келген жастар қайта кетіп қалып жатады. Осы мәселені зерттеп, жас мамандардың ауылда қалып, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауға атсалысамын. Әсіресе, бүгінгі күні аса қажетті ауыл шаруашылығы мамандары, мұғалім, дәрігер, журналист сынды мамандар тапшы. Сол себепті жастар мамандық таңдауда қателеспеулеріне  бағыт-бағдар беруге ықпал ететін боламын.

— Жастардың бос уақыттарын тиімді жұмсауына жағдай туғызып, оларды шығармашылыққа баулуды да қолға алуды мақсат тұтып отырмын. Ол үшін ауданымыздағы мектептерде, Мәдениет үйінде жастар бас қосатын орындар қажет. Жазу-сызуға бейім жасөспірімдерді әдебиетке, мәдениетке, журналистикаға бағыттау;

-Мемлекеттік органдардың бастамасымен іске асырылатын бағдарламаларда арнайы жастар үшін жаңа жұмыс орындарын құруды қарастыру арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ету;

-Жастардың біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастыруға көмектесу;

-Жастардың жұмысқа орналасуына  жәрдем ету.

      Жастар — жалынды күш!

      Болашақ — жастардікі!

Гүлім ЫСМАҒҰЛ,

праймеризге кандидат

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *