Қазақты маймылға теңеген рудныйлық Кирилл Божко 7 жылға сотталуы мүмкін

Естеріңізде болса, YouTube арнасында Кирилл Божко есімді рудныйлық тұрғын украиналық блогермен пікірсайыс кезінде қазақ халқының ар-намысына тиіп, қазақты «маймыл» деп, оның тілін «маймылдың тілі» деп кемсіткен болатын. Бұл біраз жұрттың ашуына тиген еді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 
Бүгінде қостанайлық полицейлер облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын бастады.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері YouTube арнасында аталған видеоны тауып, күдіктінің жеке басын дереу анықтап, тексеру жүргізді. Аталған факті тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін» деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін ол өзінің «жаза басқанын» айтып ақталып, видео арқылы халықтан кешірім сұраған болатын.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *