Қостанай облысында қос ауданның әкімдері тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі аудан әкімдерін тағайындады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, Қостанай ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті әкімдік активіне ауданның жаңа басшысы Жансұлтан Таукенов таныстырылды.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.

Сонымен қатар Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М.Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЙ 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *