Қостанайда бұзақы полиция көлігінен түсіп, қашып кетті (Видео)

Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. 

Видеодан ер адамның патруль көлігінің артқы есігінен шығып кеткені анық көрінеді.

«Бұл оқиға 2020 жылғы 19 қыркүйекте Карбышев және Жауынгер-интернационалистер көшелерінің қиылысында болған. Патруль полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамды медициналық айықтырғышқа алып келе жатқан. Патруль көлігі тоқтаған кезде тәртіп бұзушы көліктен шығып кеткен. Алайда, ол бірден ұсталып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді» делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы факті бойынша Жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізді. Патруль көлігінің есігін дұрыс жаппаған полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

View this post on Instagram

??? . @Kostanay_news

A post shared by ZHEST_KZ|21+??? (@zhest_kazakhstan) on

 

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *