Архимед Мұхамбетовтің жалақысы — 766 мың теңге

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бастамасымен өтіп жатқан Antikor live жобасы аясында сөз сөйлеп, оны Instargram желісіндегі жеке парақшасында жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» атты жалпыреспубликалық шараға қолдау көрсеткен. Әкімдіктерді ашық әрі қолжетімді ету мақсатында облыста атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған өңір басшысы өзінің еңбекақы мөлшерін де атап, айына 766 мың теңге жалақы алатынын айтыпты.

«Жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындайтын бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылданады. «Өңірлер – сыбайлас жемқорлықтан ада» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтар үшін кедергісіз және жайлы жағдайлар жасау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қағидаттарды тарату болып табылады. Құрметті қостанайлықтар! Егер сіздерді толғандыратын сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, пост түсініктемелерінде көрсетуді сұраймын» деп жазған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

 

фото: «Наша газета»

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *