Қостанайдағы Мұз арена жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Словакия Республикасынан келген «H + H Technika»  компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. 

Кездесу барысында Қостанай қаласында Мұз аренасының құрылысын жүзеге асыру мәселелері талқыланған.

«Бұрын хабарлағанымдай, ауданы 8,6 шаршы метрден асатын, сыйымдылығы 2,5 мың көрерменге арналған Мұз спорт сарайының құрылысы жүргізілуде.
«H + H Technika» компаниясы Чехияның Быстрижице, Вешков, Телч қалаларында 3 мұз сарайларын салу бойынша жобаларды сәтті жүзеге асырды.
Мұз аренасы жыл бойы оқу-жаттығу процесін және хоккей, мәнерлеп сырғанау, спорттың басқа да түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ заманауи техникалық деңгейде ойын-сауық мәдени іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді» деді облыс әкімі.

Сондай-ақ бүгінгі күні Қостанай қаласына әкелінген ғимарат пен үй-жайларды ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру, жабдықтарды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Пандемияға байланысты Мұз аренасына арналған жабдықтарды жеткізу тоқтатылды, осыған қарамастан, осы жылдың соңына дейін нысанды пайдалануға беруді тапсырдым» деп жазды Мұхамбетов.

Мынаны да қараңыз

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *