PRIMARIES: «Мен өз таңдауымды жасадым» — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Nur Otan партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды.
17 қыркүйектен бастап Қостанай облысы бойынша партияішілік сайлауға 800 адам қатысуда. 7 қыркүйектен әрбір кандидат ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. БПҰ мүшелерімен кездесіп, шағым мен ұсыныстар жинап, жария пікірталастарға қатысты. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

«Ал 1-3 қазан аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал primaries.kz арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні, 3 қазан күні бас­тауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюл­летеньдер арқылы дауыс беруі­не болады.
Мен веб-портал арқылы өз таңдауымды жасадым» деп жазды аймақ басшысы.

Сондай-ақ ол Nur Otan партиясының барлық мүшелерін саналы таңдау жасауға және лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырды.

 

Мынаны да қараңыз

Дені сау ұлт — ұлттың тұрақты дамуының негізі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  өзінің оқу процесінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше назар ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *