Қостанай облысында карантиндік шараларды күшейту қарастырылады

Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өтіп, онда карантиндік іс-шараларды сақтау мәселелері қаралды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

«Барлық қабылданған шараларға қарамастан, халықтың да, кейбір кәсіпорындардың да енгізілген режимді сақтамағаны байқалады.
Облыста рейдтік іс-шаралар барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 5 мың бұзылуы бар» деп жазды аймақ басшысы.

Мысалы, 26 қыркүйекте Жітіқара қаласында 01.40 сағатта ойын-сауық мекемесі – «Квадро» түнгі клубы жұмыс істеген, сол күні сағат 14.00-де Жангелдин ауданының Торғай ауылында беташар өткізіліп, үйге 50 қонақ шақырылған. Сондай-ақ 27 қыркүйек күні Қарабалық ауданындағы «Статус-Лэнд» дәмханасында 40 адам қатысқан үйлену тойы болған.

«Сатушылар сатып алушыларға қолғапсыз және бетпердесiз қызмет көрсететін дүкендер. Негізгі сақталмайтын бұзушылықтар болып: жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбау, «қызметке тыйым салу» режимінде жұмыс істеу және «жұмыс уақытын шектеу» бұзу, карантин және локдаун режимі кезінде бұқаралық іс-шаралар өткізу жалғасуда» деді Мұхамбетов.

Тексеру нәтижелері бойынша 1221 хаттама толтырылып, 61,5 млн теңгеден астам сомаға 841 айыппұл салынған.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды күшейту, оның ішінде санитарлық және блок-бекеттерді қою мәселесі қарастырылатынын атап өткен жөн.
Қала мен аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің басшыларына карантин режимін сақтау мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым» деп жазды облыс әкімі.

фото: tengrinews.kz

 

Мынаны да қараңыз

Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *