Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды

Бүгін Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарған Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Хайдарұлы Испергеновты таныстырдым деп жазды облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында.

Облыс әкімінің жазуынша, Қ.Испергенов Қостанай облысы Жітіқара ауданы Аққарға ауылының тумасы. Екі жоғары білім бар. Ол Рудный индустриалдық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және Қостанай әлеуметтік академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

«Жаңа қала әкіміне Рудный қаласының тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар бердім. Жаңа қызметте табыс тілеймін!» деді А. Мұхамбетов.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *