Арқалықтағы ілкімді істер

Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі Қайрат Тынымбайұлы Әбішев мырзамен сұхбат

 

 — Қайрат Тынымбайұлы, Торғай төсіндегі Арқалық шаһары туралы естісек, туған жеріміз үшін елең ете қалатынымыз өтірік емес, дегенмен, Сіз басқарып отырған қаланың тұрмыс-тіршілігі мен болашағы туралы өз аузыңыздан білсек деп едік, сонымен алғышқы сұрағымыз мынадай: қаланың қазіргі күнгі саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуы қандай деңгейде?

— Торғай өңірінің орталығы іспеттес Арқалық қаласының және оған бағынышты аумақтағы елді-мекендерді алатын болсақ тек 2020 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштердің өзінен, оң серпінді байқаймыз, мәселен:

 — ауыл шаруашылығы саласында: қала бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 26 млрд. теңгеден асты немесе өткен жылға қарағанда 40% — ға дерлік өсті (2019 жылдың 10 айы ішінде 18 млрд. 840,5 млн. теңгені құраған еді).

Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі — 118,4% (2019 жылдың 10 айы ішінд — 100%).

Өсімдік шаруашылығында 19 млрд. 800 млн. теңгеден астам сомаға өнім немесе ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінің 76% — ға жуығы өндірілді. Өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі — 127% құрады.

мал шаруашылығы саласында: өнім көлемі 6 млрд. теңгеден асты немесе өткен жылға қарағанда 18% — ға өсті. Мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі — 98,4%.

— құрылыс саласында: орындалған жұмыстардың көлемі 5 млрд. теңгеден асты, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе көп  (2019 жылдың 10 айы үшін — 1 млрд. 730 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі — 290%  (2019 жылдың 10 айы үшін — 112,9%).

— инвестициялық салада: негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 8 млрд. 400 млн. теңгеден асты немесе 2,4 есе өсті.

Бұл ретте, едәуір бөлігі, 57% –дан астамы бюджеттік инвестициялар      (4 млрд. 847 млн. теңге) екенін қаперіңізге саламын.

Инвестициялардың нақты көлем индексі — 220% (2019 жылдың 10 айы үшін — 101,4%).

— Түсінікті, қаланың негіз құраушы кәсіпорындарының бірі Торғай боксит кен басқармасы екені белгілі, дегенмен, кәсіпорынға қатысты аталған ұжымның жұмыскерлері арасында алаңдаушылық бар. Жалпы, қаланың боксит кенішінің жұмысшыларын жұмысқа орналастыру қалай жүріп жатыр? Жұмыссыздықпен күрес қалай болып тұр?

 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Торғай боксит кен басқармасында жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны – 489 адам, оның ішінде:

— 148 — ТБКБ жұмыскерлері Eurasian Resources Group–тің басқа кәсіпорындарына ауыстырылады, олармен еңбек шарттарына қол қойылды;

126 – кәсіпорын жұмыскерлері Арқалық қаласында балшықты тиеп жөнелтуге, рекультивациялауға жұмылдырылады;

48 – жұмыскер жаңадан құрылған «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС–не жұмысқа орналастырылады;

54 – жұмыскер ERG тобының құрамындағы (Краснооктябрь боксит кен басқармасы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, Шұбаркөл көмір, Павлодар алюминий зауыты) кәсіпорындарға ауысады, 1-жұмыскер зейнеткерлік жасқа келді, 7 — жұмыскер еңбек шартын бұзу туралы келісімге қол қойды;

— 8 жұмыскер – мерзімді еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер (уақытша жұмыс орындары бойынша), 24 жұмыскер – қазіргі уақытта жұмыс орындарында жұмыс істейтін ТБКБ әкімшілік басқаруға жататын персонал иелері, 73 – ERG тобының кәсіпорындарында жұмысқа орналастыру бойынша барлық ұсыныстардан бас тартқан жұмыскерлер.

Әрине, әрбір жұмыскердің тағдыры біздің назарымыздан тыс қалмайды.

Мәселен, Торғай боксит кен басқармасының «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының қызметкерлерін кезең — кезеңмен босатуға байланысты, 2020 жылғы 27 тамызда Арқалық қаласының кәсіпорындарын тарта отырып, «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті. Бос орындар жәрмеңкесін өткізу жұмыс берушілерге жәрмеңкеге келушілер арасынан қажетті кадрларды іріктеу мүмкіндігін беруге, кәсіпорын қызметкерлерінің ең көп санын өздерінің бос орындары туралы хабардар етуге, сондай-ақ жұмыс берушілерге өз кәсіпорны (ұйымы) үшін кадрлар даярлау (оқыту және қайта оқыту) мәселесін перспективалық шешуде көмек көрсетуге бағытталған.

Іс-шараға «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, Арқалық қаласы кәсіпорындарының өкілдері шақырылды, олар: «Алюминстрой» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС, «Агроинтерптица» ЖШС, «Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Нұр-Жайлау НС» ЖШС, «Қарқын» ЖШС, «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК, «Үміт» ЖШС, «Әділбек» ЖШС, «Ел-жұрт» АӨФ ЖШС, «Балажан» ЖШС.

Арқалық қаласы мен ERG-дің 15-тен астам кәсіпорны ТБКБ қызметкерлеріне төрт жүзден астам астам бос жұмыс орны ұсынылды. ERG тарапынан компания ішіндегі жұмысқа орналасудан басқа, қызметкерлерге қайта оқу, қайта мамандану мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне үш жүзден астам ТБКБ қызметкерлері қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша қала кәсіпорындары мен ERG бос жұмыс орындарына сексен беске жуық адам қызығушылық танытты.

2020 жылдың 1 желтоқсанына Арқалық қаласының кәсіпорындарына 5 кісі жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 2 кісі –«Агроинтерптица» ЖШС-не, 2 кісі –«Алюминстрой» ЖШС-не, 1 кісі — «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК-ге жіберілді. Сондай–ақ, ERG компаниясының кәсіпорындарына 148 қызметкер көшірілді, оның ішінде: 63 кісі – КБКБ-ге (Лисаков қаласы), 5 кісі –Павлодар алюминий зауытына, 27 кісі – ССКӨБ-ге (Рудный қаласы), 12 кісі – «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ға, 41 кісі – «ARQALYQREMSERVIC» ЖШС-ге орналастырылды.

Қостанай облысы әкімдігі мен «Қазақстан алюминийі» АҚ басшылығы арасында «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалының Торғай боксит кен басқармасының босатылатын қызметкерлерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша Жол картасы әзірленді. Бүгінгі күні кәсіпорынның босатылған жұмысшыларын орналастыру жұмыстары жалғасып жатыр.

— Жоғарыда айтқанымдай Арқалық шаһары мен оған іргелес орналасқан елді мекендер жер көлемі бойынша Қазақстандағы үлкен аумақтардың бірі екен, осы ретте, қала мен оған бағынышты аумақта өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері туралы, сондай-ақ, «Торғай-ет» комбинаты жөнінде мағлұмат бере кетсеңіз?

 — «Торғай – Ет» ЖШС  ет өңдеу кешені 2018 жылдың 1 қарашасында іске қосылды, сонымен қатар сою-өңдеу цехы, қойма жайлары мен бақылау-өткізу пункттері пайдалануға берілді және мал сою пунктіне электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтау желілері, трансформаторлық қосалқы станциясы салынып, Қытайдан консерві өнімдерін пісіруге арналған автоклав және Қостанай қаласынан желдету және тоңазытқыш жабдығы сатып алынды. 2020 жылдың басынан 1 қарашаға дейін 912 бас ірі қара мал, 223 бас жылқы және 390 бас ұсақ мал сатып алынып, сойылды. 394,745 тонна ет өнімі өндірілді және жыл басынан 185,6 тонна құс еті сатып алынды.

«Торғай Ет» ЖШС Арқалық қаласынан 7 шақырым қашықтықтағы Родина ауылдық округі (Айдар) аумағынан ет өңдеу кешенінің қуаттарын толық жүктеуді қамтамасыз ету мақсатында «Арқалық-Айдар» ЖШС «Арқалық қаласында мал шаруашылығы кешенінің құрылысы» жобасын іске асыруда, оның ішінде қуаты бір мезгілде 5000 бас ірі қара мал ұстайтын бордақылау алаңы және 2500 басқа арналған асыл тұқымды репродуктор бар. Құрылысқа жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, мал шаруашылығы кешенінің құрылысына сметалық монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына сараптама қорытындысы және рұқсат алынды. «Арқалық Айдар» ЖШС мал шаруашылығы кешенін салу үшін ұзақ мерзімді жалға алу құқығымен ауданы 40,3 га және 36,2 га екі жер учаскесі берілді. «Арқалық-Айдар» мал шаруашылығы кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жол картасы әзірленді.

Қазіргі уақытта 2640 шаршы метр алаңда сэндвич панельдері салынған екі сиыр қорасы салынуда, жұмыстар 85% — ға орындалды. Әрқайсысы 250 бас мал бордақылауға арналған 6 алаңның іргетастары орнатылды, сондай-ақ, 3-ыстық жемге арналған алаңға қаңқалар, арқалықтар және көлеңкелі қалқалар орнатылады. Көлемі 864 шаршы метр концентрацияланған жемшөптерді сақтауға арналған қойма жайларының құрылысы жүргізілуде, қазіргі уақытта бордақылау алаңдарын орнату жұмыстары 90% — ға орындалды. Мал шаруашылығы кешенінің құрылысы кезінде 40 адам жұмысқа тартылды. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың ақпан айына жоспарланған және кейіннен бордақылау үшін малдарды сатып алуды бастау жоспарлануда.

— Құс тұмауы салдарынан Арқалық құс фабрикасы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді, аталған кәсіпорын жұмысын жандандыра ма?

 — «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасы бойынша және Арқалық қаласының ауылдары мен ауылдық округтерінің жеке аулаларында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізілген болатын, нәтижесінде барлығы 22 479 бас әр түрлі құс егілді. «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасының алдында блок-бекеттер орнатылған еді.

Жоғары патогенді құс тұмауының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында «Агроинтерптица» ЖШС мынадай жұмыстарды жүргізді: 502 611 өлген тауық шығарылып жойылды және залалсыздандырылды, қазіргі таңда құс фабрикасында тірі тауық жоқ.

Бүгінгі күні «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасы бойынша «Қуаттылығы жылына 120 млн. жұмыртқа шығаратын жұмыртқа бағытындағы Жол картасы» әзірленді және кезең-кезеңмен орындалуда.

«Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасын алдағы уақытта толығымен іске қосылу үшін барлық жұмыс жүргізуде. Жобаны іске асыру үшін 1 млрд 497 млн 500 мың теңге көлемінде қаржы қажет, оның ішінде «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 500 млн теңге және өз қаражаты есебінен 997 млн 500 мың теңге жұмсалады деп болжанып отыр. «Агроинтерптица» ЖШС басшылығы «Тобыл» ӘКК» АҚ арқылы қаржыландыруға өтінім берді. Жол картасына сәйкес 2022 жылы жобалық қуаттылыққа шығу жоспарланып отыр.

Қайрат Тынымбайұлы, келесі сұрағымыз ана тіліміздің мәселесі, мемлекеттік тілдегі мектептер жайы туралы болмақ. Өңірдегі іргелі жоғары оқу орны — Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жөнінде не айтар едіңіз?

 — Әңгімемізді әуелі өңіріміздің педагогикалық кадрларын даярлайтын Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтынан бастасақ. Жастарымыздың оқу – білімге құштарлығы әсте азайған жоқ. Студенттер контингенті 2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда 2020-2021 оқу жылында 1,2% өскен. Институттың өңіріміздің, әсіресе педагогика мамандарын даярлайтын бірден бір жоғары оқу орны екенін ұмытпауымыз керек. Тиісінше, оқытушыларға да студенттерге қойылатын талап жоғары. Институтттың әр жылғы түлектері еліміздің түпкір түпкірінде табысты еңбек етіп жүр.

Ал, мектеп жайына келетін болсақ, Арқалық қаласында 26 мектеп бар (13-орта, 11-негізгі,2-бастауыш). Олардың ішінде 12 мектеп таза қазақ тілінде білім береді, 13 мектеп аралас, 1 мектеп орыс тілінде дәріс береді. Жалпы айта кетерлігі оқушы саны 6799 бала болатын болса, оның ішінде қазақ тілінде оқитын оқушылар саны – 5487 бала.

Көше атауларының қайтарылуына қатысты баяндайтын болсақ, Арқалық қаласы әкімдігінің жанындағы, ономастикалық жұмыс тобы Арқалық қаласының ономастикалық объектілерінің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және пысықтау мәселелері бойынша жұмыс істейді, жұмыс тобының құрамына ардагерлер кеңесінің өкілдері, тілдерді оқыту орталығының, жастар ресурстық орталығының мамандары және қоғамдық бірлестік кірді.

Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ономастика мәселелері жөніндегі жұмыс тобы 01.11.2020 жылғы жағдай бойынша қала көшелері мен іргелес ауылдардың атауларын зерделеу бойынша мониторинг және талдау жүргізді, қазіргі уақытта пандемия жағдайында қалыптасқан шектеу шараларына байланысты әлеуметтік желілер және 2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы түсіндіру жұмыстары іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстанның соңғы тарихында жалпы ұлттық деңгейде танылған 150 адамның есімінен тұратын «Тарихи тұлғалар» бекітілген тізімді басшылыққа алады.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді азаматтарымыздың, әсіресе, мемлекеттік қызметшілердің білуі және пайдалануы мақсатында шаһарда «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.

Қазіргі күні Орталықтағы барлық тыңдаушылар саны –381. Оның ішінде қазақ тілі курсында – 235, яғни 62%-і  қазақ тілін оқитындар, ағылшын тілі курсында – 146 тыңдаушы бар.

Кәсіпкерлерді қолдау, жалпы қаладағы орта және шағын бизнестің дамуы қандай деңгейде?

 Шағын және орта бизнесті дамыту — кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған шағын және орта кәсіпкерліксіз мемлекеттің макроэкономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы айту қиын. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы екені белгілі. Бүгінгі таңда Арқалық қаласында 2 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.

Қаламыздағы шағын және орта бизнестің дамуына бірнеше мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын несие беру ықпал етеді. Олар:

* Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы;

* «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

* «Қарапайым заттар экономикасы» теңгелік өтімділік бағдарламасы.

2020 жылғы 1 желтоқсанға «Еңбек» бағдарламасы бойынша Екінші деңгейдегі банктер (Халық банкі) арқылы кредит ресімдеуге 9 кәсіпкер жүгінді, жалпы сомасы 70,5 млн.теңгені құрады (кредиттер айналым қаражатын толықтыруға, техника және сауда, жылжымайтын мүлкік сатып алуға, дүкендерді жөндеуге және басқаларға ресімделеді). 4 жоба бойынша құжаттар қарауға жіберілді, тағы 5 жоба бойынша құжат жиналып жатыр. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 18 млн. теңгеге 2 жоба бойынша кредиттер алдын ала мақұлданды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы кәсіпкерлік қызметті дамытуға кредит беру жалпы сомасы 35,8 млн.теңгеге 4 жобаға (барлық жобалардың нысаналы мақсаты айналым қаражатын толықтыру) берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Аграрлық-кредиттік корпорация арқылы 2 жоба мақұлданды (ірі қара мал сатып алуға және өсіруге сомасы 29,5 млн.теңге, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіруге сомасы 32 млн. теңге), АТФ банк арқылы 1 жоба мақұлданды (дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіруге сомасы 40 млн. теңге). Жобалардың жалпы сомасы 101,5 млн.теңгені құрады. Үш жоба мақұлданды, қаржы қаражаты өтініш берушілерге берілді. «Grain mark» ЖШС-нің тағы бір жобасы құжаттарды жинау сатысында, алдын ала болжанған сомасы 1,0 млрд.теңге.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құжаттарды жинау сатысында 1 жоба (жиһаз өндірісін кеңейту үшін, жоба сомасы 22,0 млн.теңге).

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетуге 2020 жылдың мамыр айында «Торғай Ет» ЖШС-нің (су құбыры-2,6 км және электр желісі-2,5 км) жеткіліксіз инфрақұрылымын қосуға 137,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге барлығы 32 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы құрылымдарына 501,4 млн.теңге сомасында кредит берілді. Оның ішінде «АКК» АҚ арқылы 473,8 млн.теңге сомасына 26 өтінім берілді (оның ішінде «Арқалық» КТ» ЖШС арқылы 300,5 млн. теңге сомасына 17 АШТӨ, АКК АҚ арқылы тікелей қарыз алушылар, 173,3 млн. теңге сомасына 8 АШТӨ және 30,0 млн. теңге сомасына қарапайым заттар экономикасы) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 АШТӨ — 27,6 млн. теңге сомасына берілді.

«Тобыл» ӘКК» АҚ кепілдігімен «Азық – түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы негізінде 2020 жылдың 12 маусымына Арқалық қаласы бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-нан 260,941 млн.теңге сомасына 18 өтінім берілді және 260,941 млн. теңге сомасына 18 өтінім төленді.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ірі қара мал (ұрғашы мал) басын сатып алу бойынша 2020 жылы 120 бас жоспар жеткізілді, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қостанай филиалынан «Арқалық» КС ЖШС арқылы 78,0 млн.теңге сомасына өтінім берілді және мақұлданды, Қайыңды а/о «Мұса-Г» ШҚ Абердин Ангус тұқымды 100 бас асыл тұқымды қашарды сатып алу жоспарлап отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ұрғашы ұсақ мал басын сатып алу бойынша 250 бас жоспар жеткізілді, 2020 жылы өтінім беріліп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қостанай филиалы арқылы төленді, «Төлеген» ШҚ 250 басқа арналған ұсақ мал сатып алуға қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша берілді. Қазіргі уақытта «Төлеген» ШҚ басшысы 250 бас ұсақ мал сатып алып, «SUSAR ARK» ЖШС өз қаражатына 353 бас ұсақ мал сатып алды. Барлығы — 603 бас алынды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай облысы бойынша гранттық қаржыландыруға 60 млн.теңге бөлінді (жас кәсіпкерлер үшін 30 млн. теңге және барлық жастағы кәсіпкерлерді қолдау үшін 30 млн. теңге). Әрине, оған қаламыздың да кәсіпкерлерінің қатысқанын қалар едік. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін беріледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бағдарлама үйлестірушісі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша конкурстар өткізуді жоспарлап отыр.

2020 жылдың қыркүйек айында конкурстың бірінші легінің қорытындысы бойынша Арқалық қаласы бойынша екі кәсіпкер гранттық қаржыландырудың жеңімпаздары атанды және 10 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат алды (әрқайсысы 5 млн. теңгеден).

2020 жылдың қараша айының басында гранттық қаржыландырудың екінші ағынына өтінімдер қабылданды, қазіргі уақытта гранттар жөніндегі комиссияның шешімі әлі қабылданған жоқ.

Жалпы, Арқалық қаласы бойынша шағын және орта бизнестің дамуы қанағаттанарлық. Біздің бизнес үшін күрделі кезеңде Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі жедел шаралар қабылдап, шағын және орта  бизнесті қолдау үшін жағдай жасауда.

Қала мен оның іргесіндегі аумақтағы киелі жерлердің, әсіресе туристік нысандардың сақталуы мен қорғалуы қандай дәрежеде  және өңірде ішкі туризмді дамыту үшін не жасалып жатыр?

 Арқалық қаласы мен оның іргесіндегі ауылдар аумағында тарихи және археологиялық ескерткіштердің 133 нысаны бар. Бұл өз кезегінде туристеріміз үшін тамаша мүмкіндік.

Мәселен, Арқалық қаласында қасиетті объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және тиісті инфрақұрылым жасау жөніндегі «Жол картасын» орындау мақсатында өңірлік маңызы бар Құлымбет Әулие, Қостам және Қыз тамы кесенелері мен республикалық маңызы бар Екідің I, II кесенелеріне және Әбдіғапар Жанбосынұлы, Жауке Назарғұлұлы кесенелеріне барар жолда тартылған қаражат есебінен ақпараттық тақтайшалар мен көрсеткіштер орнатылды.

Арқалық қаласы мен оның маңындағы аумақтарға келетін туристерге 4 бірлік балық аулау және аңшылық шаруашылығы, балалардың жазғы демалысына арналған 1 лагерь және 4 қонақ үй қызмет көрсетуге әзір.

Ал, нақты балалар мен жасөспірімдер туризмі аясында 2014 жылдан бастап екі бағытта жұмыс жүргізілуде:

  1. 50 баланы қамтитын туристік-спорттық бағыт;
  2. «Ауылым алтын бесігім» жобасы аясында 60 баланы қамтитын туристік-өлкетану бағыты.

Дегенмен, Арқалық қаласында туризмді дамытудың жоғарыда айтқандай тарихи, археологиялық ескерткіштер мен сан алуан флора мен фаунаның болуына  қарамастан туризмнің дамуына кедергі факторларды айпасақ болмас, мысалы, олардың арасында бірнеше негізгі проблемалары атап өтейік. Олар:

  1. Туристік инфрақұрылымның дамымауы. Автомобиль жолдарының нашарлығы.
  2. Қазіргі заманғы ойын-сауық және қонақжай индустриясының ірі объектілерінің (аквапарктер, тақырыптық парктер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және т.б.) болмауы.
  3. Субъектілерде орналастыру құралдары мен туристік инфрақұрылымды дамыту үшін тартымды және қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау тәжірибесінің болмауы.
  4. Мемлекеттік қызметшілер үшін туристік саланы дамыту бөлігінде білім деңгейін арттырудың (оқыту, біліктілікті арттыру курстары, тәжірибе алмасу) кемшіндігі.

Арқалық қаласында туризмнің дамуына көлік инфрақұрылымының жай-күйі үлкен әсер ететіні түсінікті.

Шағын бизнесті дамыту жолындағы тағы бір маңызды мәселе, ол — ұзындығы 205 шақырым «Арқалық-Жезқазған» және ұзындығы 110 шақырым «Арқалық-Державинск» учаскелерінің қанағаттанғысыз жай-күйі, аталған жолдар еліміздің оңтүстігімен, орталығымен және солтүстігімен автомобиль байланысына қолбайлау болып отыр.

Бұл мәселені шешу бізге бизнес мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берер еді.

Біздің өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту перспективасында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру серпін берер еді.

Орталық-Батыс бағыты бойынша жоспарланған жол біз үшін дамудың жаңа көкжиектерін ашады. Автомобиль дәлізі ел астанасын қаламызбен, Торғай және Ырғыз кенттерімен байланыстырады және одан әрі Ақтауға шығады.

Осы жобаны іске асыру Қазақстанның орталық және батыс бөлігі арасындағы байланыстарды дамыту үшін өте маңызды, бұл қаланың транзиттік әлеуетін, логистиканы дамытуды, туристер мен жол бойындағы сервистердің санын арттыруды қамтамасыз ететіні түсінікті.

Арқалық – Державинск қалаларының, яғни Қостанай және Ақмола облыстарының арасындағы жол сын көтермейді, Сіздің тараптарыңыздан қандай жәрдем болады?

— Қостанай облысының А-16 Жезқазған-Петропавл, Арқалық, Державинск, Есіл қалалары арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолы 1970-1972 жылдары салынған, 3 облыстың аумағы арқылы өтеді, оның ішінде Қостанай облысы бойынша — күрделі жөндеуді талап ететін шегі 125 шақырым. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай (А-16 «Жезқазған-Петропавл, Арқалық, Державинск, Есіл қалалары арқылы, Ақмола облысының шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейін») «Қазақавтожол» ЖШС асфальтбетон жабынын шұңқырлы жөндеуді, жол жиектері мен жүру бөлігін пішіндеуді, материал қосу және жол белгілерін орнату бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Арқалық, Державинск, Есіл қалалары арқылы А-16» Жезқазған-Петропавл «автожолының учаскесін күрделі жөндеу шеңберінде 290-293 шақырымда» Бала-Терісаққан» өзені арқылы көпір салу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстың аяқталу мерзімі 2021 жылғы қазан айына жоспарланып отыр.

 

— Және соңғы сұрақ: Арқалық қаласы (өңірі) дамытудың арнайы бағдарламасы керек деп санайсыз ба?

 Арқалық қаласының даму перспективалары Арқалық қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған. Экономиканың өсу перспективалары ірі және орта кәсіпорындар бойынша 6 жобаны іске асыруға, 239 жұмыс орнын құруға байланысты:

— 5000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын және 45 жұмыс орнын құрумен 2500 бас асыл тұқымды репродукторды кеңейту (Родина ауылы);

— 70 жұмыс орнын құра отырып, қуаты жылына 300 тонна құс етін өндіретін бройлер құс фабрикасын салу;

— 45 жұмыс орнын құрумен элеватор, құрама жем зауыты және диірмен кешенін салу;

— Арқалық қаласында қуаты тәулігіне 7 мың тонна диірмен салу, 5 жұмыс орнын құру;

— Арқалық қаласында 64 жұмыс орнын құра отырып, қуаты 48 мың тонна отқа төзімді зауыт салу;

— Арқалық қаласында 10 жұмыс орнын құрумен жел паркін салу.

Сәйкесінше әлеуметтік жағдайларды жақсарту мынадай іс-шараларды іске асырумен айқындалатын болады:

  • агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін дамытумен байланысты:

— майлы дақылдар алаңын 10 мың га-дан дейін ұлғайту; дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңдарын әртараптандыру есебінен 12,9 мың га. ұлғайту;

— майлы дақылдар өнімділігін 7-ден 7,5 ц/га дейін арттыру;

— жыл сайын енгізілетін минералды тыңайтқыштарды 2025 жылға қарай 377 тоннадан 827 тоннаға дейін арттыру;

— жоғары репродукциялы тұқымдық материалдың (элита, 1-3 репродукция) сапасын 24,3 мыңнан 25,1 мың тоннаға дейін жақсарту және ауыспалы егісті сақтау;

— ірі қара мал санының 20,0 мыңнан 20,8 мың басқа дейін ұлғаюымен, өндірістік сектордағы ірі қара малының үлесінің 33,7% — дан 36,2% — ға дейін ұлғайту;

— асыл тұқымды мал басын 1,1 мыңнан 2,5 мың басқа дейін жеткізу;

— тұқымдық түрлендіруге қатысатын ұрғашы ірі қара басының үлесін 48,5-тен 52,5%-ке дейін арттыру;

— машина-трактор паркін лизинг есебінен жаңартуды 2,6 %-дан 4%-ға дейін жеткізу;

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғыртумен, атап айтқанда: жылумен жабдықтау саласында жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге жуық 2 инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде:

— аяқталуы 2021 жылы жоспарланып отырған, Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту;

— 2021 жылы басталатын Арқалық қаласының жылу желілерін қайта жаңарту;

  • қала халқын сапалы ауыз сумен және кәрізбен қамтамасыз ете отырып, атап айтқанда: жалпы сомасы 3 млрд. 900 млн. теңгеден асатын 7 инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде:

— 2021 жылы Арқалық қаласының Родина ауылында су құбыры желілерін қайта жаңартуды жүргізу;

— 2022 жылы Арқалық қаласының Үштөбе ауылында су құбыры желілерінің құрылысын жүзеге асыру;

— 2023 жылы Арқалық қаласының 2 ауылдық елді мекенде (Ашутасты ауылы, Аңғар ауылы) ұзындығы 44,0 км Ашутасты топтық су құбыры желісіне реконструкциялау жүргізу;

— 2024-2025 жылдары Арқалық қаласының Жаңақала ауылында су құбыры желісінің құрылысын жүзеге асыру;

— 2024-2025 жылдары Арқалық қаласы Көктау ауылында су беру пунктінің құрылысын жүзеге асыру;

— 2024-2025 жылдары Арқалық қ. ақшақ Жәнібек, Горбачев, Демченко, Маясов көшелері және Абай даңғылы бойынша) ұзындығы 4,377 шақырым су құбырын жаңғырту;

      * жергілікті жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 4 млрд.теңгеден астам 39 іс-шара іске асырыла отырып,

         Арқалық қаласы 2021 жылдан бастап «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасына қатысады, оның шеңберінде 2021-2025 жылдарға арналған мынадай іс-шараларды іске асыру жоспарланған:

— қаланың Родина, Ашутасты, Восточное, Фурманов, Аңғар, Көктау сияқты 6 ауылдық елді мекендегі кентішілік жолдарды орташа жөндеуге 1 млрд. 350 млн. теңгеден астам сома бөлу жоспарланған;

— Аңғар және Көктау ауылдарында 2 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеуден өткізу және Фурманов, Восточное ауылдарында 2 денсаулық сақтау объектісін салу бойынша жалпы сомасы 280 млн. теңге қарастырылады;

— жалпы сомасы 470 млн. теңгеге Ашутасты және Фурманов ауылдарындағы 2 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр;

— Родина және Аңғар кенттерінде жалпы сомасы 875,3 млн. теңгеге                2 білім беру объектісіне күрделі жөндеу жүргізу ойластырып отыр;

— Арқалық қаласының Родина кентінде су құбыры желілерін қайта жаңарту жүргізілмекші, оған 490,9 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Жалпы, қаламыз бен оған іргелес аумақтағы істер өз кезегінде тиісті нәтижелерін беріп, шаһарымыз көркейіп, болашаққа нық сеніммен қараймыз деп айта аламын!

 

         Сұхбаттасқан Амандық ҚОРҒАНҰЛЫ

 

Мынаны да қараңыз

«Біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз»: Екатерина Смолякова, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат

Respublica партиясы өкілдерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау тұрғындарымен өткен кездесу барысында ҚР Парламенті ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *