Торғайда әйелді қасқыр талап тастады

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Бұл ақпартты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растады.

Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген. Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол уақытта ер адам ат үстінде болған. Жыртқыш аң талаған тұрғын ауруханаға жеткізілген.

«Қазір ол аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтың тексеруінен өтті, хирургиялық көмек қажет етпейді. Қасқыр қарын тұсынан тістеген. Емделушіге антирабикалық вакцина салынды. Вакцина жануарлардың тістеуінен зардап шеккен тұл­ғаларға құтыруға қарсы қолданылады», — дейді Ксения Жилкибаева.

 

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *