Арқалықта ПТР-зертханасы ашылды

Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПТР-зертхана ашылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап.

Жаңа зертхананың жұмысын Арқалық қаласының орталық ауруханасы жүйелеп отырады. Жаңа зертхананың көмегімен енді дәрігерлер КВИ сынақ нәтижелерін қысқа мерзімде анықтайды.

«Өткен жыл Арқалық қаласы үшін де оңайға тиген жоқ. Әсіресе, жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан алынған биоматериалдарды облыс орталығына жіберіп отырдық. Одан кейін ол талдау қорытындысын бір аптаға дейін күтуге тура келетін. Міне, бұл мәселе де оң шешімін тапты. Ең бастысы, заманауи құрылғылардың көмегімен ауру белгілері жылдам анықталып, науқастарға тез арада қажетті медициналық көмек көрсетілетін болады», – дейді аурухананың инфекционист дәрігері Светлана Тұрсынова.

Айта кетейік, облыста КВИ диагностикасы 5 зертханада жүргізіледі. Олардың үшеуі Қостанай қаласында орналасқан.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...