«14 млн теңге»: Қостанайда пара алған Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды (ВИДЕО)

14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген.

«Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 500 теңгесін иемденуге әрекет жасаған. Шугаев бұл соманың 14 млн теңгесін алып үлгерген. Қағаз жүзінде ЖШС мен Білім басқармасы арасында 1490 компьютер сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. Ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Өкінішке қарай, бұл қылмыс бүкіл ел пандемиямен күресіп жатқан кезеңде жасалды», — деп атап өтті Қуаныш Бекбасов.

Департамент мәліметіне сәйкес, 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысының 90 дерегі тіркелген. Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, Қашар кентінің әкімі, облыстық Көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Алтынсарин ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің басшысы, Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы пара алғаны үшін істі болды.

фото: видеодан скриншот

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *