Қостанай облысында бірнеше аудан жолдары жөнделеді

Қостанай облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінің Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде облыстық бюджет қайта бөлінді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1, 2 млрд теңге берілмек.

«Бұл қаржы Амангелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық, Науырзым аудандарындағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бағытталады. Бюджеттен игерілмей қалған 464 млн теңгені Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы алады. Оның 159,2 млн теңгесі Абай және Миролюбов ауылдары арасында орналасқан Ұзынкөл магистралды су құбырын қайта жаңартуға бөлінеді», — дейді Г.Мұсағазина.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткендей, 2020-2021 жылдары жол инфрақұрылымы шеңберінде 281 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 18,5 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында – 20,3 млрд теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы мен жергілікті бюджеттен 6,1 млрд теңге қарастырылған.

2020 жылы 500 шақырымнан астам жол жөнделген. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4982 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2491 адам алынды. Жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қала және аудан әкімдері мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірледі.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұмысынан кетті

Оның осы лауазымдағы соңғы үндеуін Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы Денсаулық ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *