Малын іздеуге шыққан Арқалық тұрғыны адасып кеткен

Аязды күні мал іздеуге шыққан Арқалық қаласының тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

57 жастағы Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған.

«Жарқынбек Сүлеймен «снегоходын» мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай бағыт алған. Орта жолда оның көлігі сынып қалады. Ұялы байланыс желісі болмаған соң көмек сұрай алмады. Далада адасып қалған азаматты тәртіп сақшылары іздеуге шықты. 250 шақырым жүрген полицейлер оны бір күн өткен соң тапты. Ж.Сүлеймен Арқалық қаласынан 95 шақырым жерде табылды» делінген ведомство хабарламасында.

Жарқынбек Сүлеймен аязды күні көмекке келген Арқалық қаласының полицейлері Дінмұрат Едіресов пен Әлішер Шегебаевқа, сонымен қатар ТЖД қызметкерлеріне алғыс айтты.

фото: ашық дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *