Қостанайда дүкенде мұғалім мен дәрігер төбелесіп қалды

Қостанай әкімшілік соты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлжан Құсниярованы «Жемчужина» жеке клиникасының дәрігері Диана Ахметованы жаралағаны үшін кінәлі деп тапқан, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Бүгінде педагог жұмыстан шығарылған. Ал оқиға 2020 жылы 15 қарашада «Әуежай» шағын ауданындағы «Первый продуктовый» дүкенінің кассасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Құсниярова мен оның анасы Асма Исмағамбетова кассаға алған тауары үшін ақы төлеуге келген. Олардан кейін кезекке тұрған Диана Ахметова алған заты аз болғандықтан өткізіп жіберуді сұрайды. Исмағамбетова оған ескерту жасайды. Оқиға былапыт сөзден жанжалға ұласып, аяғы төбелеске айналған.

Оқиға үш әкімшілік іс бойынша тергеліп, 4 ақпанда үкім шығарылды. Құсниярова мен Исмағамбетова дәрігерге дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп танылды. Ахметова «Ұсақ бұзақылық» (балағат сөз) үшін жауапқа тартылды.

НЗМ директоры Думан Сапаков басылымға мұғалімнің жұмыстан өз еркімен кеткенін хабарлады.

«Мен бұл оқиғаны былтыр қарашада естідім. Гүлжан Құсниярова білікті педагог, бізде алты жыл жұмыс істеді. «Наша газетада» сот процесі туралы материал шыққаннан кейін, барлық пікірлерді оқып шықтым. Гүлжан Құсниярова болған оқиғадан кейін келіп, мектепте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ екенін айтты. Қазіргі уақытта оның жұмыстан босату туралы өтінішіне қол қойдым. Мұғалімнің бұл оқиғаға қатысты болғаны дұрыс емес, әрине. Бірақ қызметтік және ұжым этикасы бар, оны сақтау керек», — деді мектеп директоры.

Айыпталушылардың бірі жұмыс істейтін емхананың бас дәрігері де түсініктеме берді.

«Әрине, бұл оқиғаны талқыладық. Бізде ұжымдық институт бар. Біздің клиникада дәрігерлер өздерін дұрыс ұстауы үшін коммуникабельділікті үйрететін қызметкерлермен жұмыс істейтін менеджерлер бар. Дәрігерлер жұмыстан тыс уақытта өзін қалай ұстау керек екенін біледі. Бірақ түрлі оқиға болуы мүмкін. Дәрігерге қатысты қабылданған шешімдер туралы ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Бұл — клиниканың ішкі жұмысы», — деді Олег Мелишенко.

 

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *