Қостанайда біреудің көлігін айдап кеткен 22 жастағы тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Қостанайдың құқық қорғау органдары ВАЗ-2107 көлігін айдап кеткен 22 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді бастады. Оқиға 13 ақпан күні болған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертең тұрғын көлігінің жоғалғанын көріп, полицияға арыз жазған. Ол көлікке дабыл құралы орнатылмағанын айтты. Бір күн бұрын жанармай құйған екен.

«Полиция жасақтарына бірден хабар берілді. «Автоураган» автоматтандырылған кешенінің көмегімен «Әуежай» ауданы маңында көлік қозғалысы анықталды. Кейін машина із-түзсіз жоғалды», — деп мәлімдеді ПД.

Тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы ауылдардан іздей бастайды. Ұқсас көлік Рязановка маңынан табылды. Жүргізуші полицейлерді көріп, жылдамдық қосып, қашып құтылмақ болған. Ал полицияның екінші көлігі жүргізушіні Майкөл ауылының маңынан ұстап алды. Күдікті мас болған.

Ер адам қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Мынаны да қараңыз

Тасқын суға байланысты АҚШ-тағы ағайындар да көмек қолын созды

Биылғы көктем жылдағыдан ерекше, тосын, төтенше жағдаймен басталды. Қар суы күрт еріп, оған тасқын су ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *