Қостанай облысында жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі Джип көлігі соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.

«Екі Джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды», – делінген хабарламада.

Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *