Елордада «Тобыл-Торғай әуені» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтеді

Іс-шара 8 сәуір күні, яғни ертең сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы жарыққа шығарған «Тобыл-Торғай әуені» музыка антологиясы — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде қолға алынған жұмыстардың бірі. Өз мақаласында Елбасы қазақ әдебиетінің ата қоры, асыл қазынасы «дала фольклоры» мен халқымыздың рухани өмірінің өзегі, жан азығы болған дәстүрлі ән мен күйіміз жайлы құнды пікірлер айтқан еді. Бұл — халықтың рухани мұрасының сақталуына жасалған оң қадамдардың бірі.

Бұл музыка антологиясы үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде әндер мен күйлердің ноталары берілсе, қосымша бөлімде осы өңірдің музыка мұрасына қатысты жазылған мақалаларымыз және бірнеше өнерпазымыздың суреттер берілген. Кіріспе мақала мен әндерге түсініктемелер арқылы жарияланған мұраларға, олардың авторларына қатысты мәліметтер берілген. Кітапқа 90 нота енгізілді. Бұлардың барлығы авторлық шығармалар.

Кітапты Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері – Батырлан Сағынтаев құрастырған.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *