Жұмабек Кенжалин оқулары аясында халықаралық конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 30 сәуір күні Ж.Кенжалин атындағы аудиторияда Қазақстанда ақпараттық менеджмент теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған белгілі ғалым, талантты БАҚ ұйымдастырушысы, жазушы-публицист, саясат ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз Жұмабек Омарұлы Кенжалинді еске алуға арналған І Кенжалин оқулары аясында дәстүрлі «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

Халықаралық конференция жұмысы «Белгілі ғалым, қабырғалы қаламгер Жұмабек Кенжалиннің қоғаммен байланыс пен журналистиканың өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми еңбектері және публицистикалық туындылары», «Замана алға тартқан түйткілдер және әлеуметтік коммуникацияның жаңа технологиялары: Қазақстандағы қоғаммен байланыстың жаңа моделі», «COVID-19 пандемиясының отандық медиабілімге әсері және студенттерді оқытудың дуальді әдісінің ерекшеліктері» бағыттары бойынша ұйымдастырылып отыр.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы бола жүріп, Жұмабек Кенжалин әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2010 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: PR, БАҚ менеджменті мен маркетингі», 2011 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: Қазақстанның қоғамдық-саяси баспасөзінің қалыптасып, дамуы» және «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: тәуелсіздікті нығайтудағы БАҚ рөлі», 2014 жылы «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: замана талабы мен талғамы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырып, өткізді.
Практик-ғалымның «Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері» атты оқу құралы, сондай-ақ ақпараттық менеджмент пен маркетинг бойынша жасаған ғылыми-әдістемелік талдамалары бүгінде факультет педагогтары мен студенттерінің игілігіне қызмет етуде.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *