Таспа

Рудныйда Тәуелсіздік аллеясына 25 түп шырша отырғызылды

Жуырда Рудный қаласындағы «Достық» саябағында Тәуелсіздік аллеясына 25 жас шырша отырғызылды. Бұл туралы қала әкімі Қуандық Іспергеновтің Instagram-дағы парақшасына жазды деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

«Саябақта шырша ағашының пайда болуы оны рудныйлықтар үшін бұдан да жайлы, тартымды етіп отыр. Бұдан басқа, шырша ауаға жақсы әсер етіп, қоршаған ортаның жақсаруына септігін тигізеді», — деп атап өтті қала әкімі.

Аллеяның Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы ашылғаны атап өтілді. Болашақта мұнда шаған, ақтеректер және басқа да ағаш түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.

фото: дереккөз

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында оқушылар шіркеуде білім алып жүр (ВИДЕО)

Қостанай облысына қарасты Жуков ауылының балалары патша заманынан қалған шіркеуге күнде баруға мәжбүр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Atameken Business ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *