Арқалықта жасөспірім екі қызға оқ жаудырған

Арқалықта пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, — деп хабарлады tobyl-torgai.kz.

WhatsApp желісінде оқиғаны баяндаған әйелдің дауысы тарап жатыр.

Alau.kz мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 сәуірде болған. 17 және 25 жастағы тұрғын білек және жамбас тұсындағы жарақатпен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында қыздардың Маясов көшесінде жарақаттанғаны анықталған. Зардап шеккендер ауруханаға барып, дәрігер көмегіне жүгінген. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полиция қылмысқа күдікті 15 жастағы жасөспірімді анықтады. Оның үйінен әкесіне тиесілі пневматикалық мылтық тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Портал мәліметі бойынша, оқиға орнында пневматикалық қарудан оқ атылған.

 

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *