Балаева қостанайлық БАҚ өкілдерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр өз сөзінде бұл іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқандығын және оның маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Балаева Қостанай облыстық радио және телевизия дирекциясының ардагерлері мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

«Телерадиохабар таратудың заманауи инфрақұрылымын жасау — министрлік пен «Қазтелерадио» ұлттық операторының негізгі міндеттерінің бірі», — деді министр.

Аида Балаева пандемия кезінде цифрлық әлемнің жылдам дамуына байланысты бұл компанияның одан әрі дамып, заманға сай болу қажеттігін атап өтті.

Бұдан басқа ол жұмыс сапары барысында Қостанай облысындағы БАҚ бас редакторларымен кездесіп, Өңірлік жастар орталығының жұмысымен танысты.

фото: дереккөз

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *