«Ashyq» жобасы Қостанайда қашан енгізілетіні белгілі болды

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжаттың мәтіні ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Қаулы бойынша «Ashyq»қосымшасын қолдану аясы кеңейтіледі. Атап айтқанда, ол арқылы Шымкент, Түркістан, Ақтау және Қостанай әуежайларына кіру жүзеге асырылмақ.

Қазақстандықтар арасында CAVID-19 таралуының алдын алу мақсатында Ерлан Қиясов қаулы етті:

Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын:

Йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа-орталықтары; сауналар, бассейндер; PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; Алматы қаласының әуежайы; (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары; лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден  танысуға болады.

 

фото: kapital.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *