Таспа

Қостанайда Тарелочка өзеніне түскен жасөспірім тіл тартпай кетті

Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. Жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді» — деп хабарлады ведомстводан.

Басқарманың берген алдын ала мәліметінше, қаза болған жасөспірім суға секіріп, мойнын сындырған.

 

фото: ашық дереккөз 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында электр желілерін жөндеу үшін Үкіметтен 1,3 млрд теңге бөлінеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *