Архимед Мұхамбетов Беларусь еліне сапарлады

Архимед Мұхамбетов Үкімет делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараға қатысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Сапар барысында облыс әкімі «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның басшылығымен кездескен.
Биыл «Минск трактор зауыты» ААҚ осы жылы 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар әлемдегі ең ірі ауылшаруашылық техникаларын өндірушілердің бірі. Түрлі техника компоненттерін әзірлейді.
Кездесу барысында машина жасау саласындағы бірқатар мәселе талқыланған.
фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

64,7 %: Қостанай облысы ауылдардағы ауызсу мәселесін шеше алмай отыр

Бұл туралы tobyl-torgai.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ауыл халқын ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *