07.06.2021

Қостанай облысындағы ауыл Ресейдің ұялы байланысына тәуелді (ВИДЕО)

Қостанай облысындағы Приречный ауылы Ресейдің ұялы байланысына тәуелді болып отыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Себебі мұнда қазақстандық операторлар қызмет көрсетпейді. Тұрғындар телефондарын ресейлік нөмірді салып қана пайдалана алады. Ал теңгерімді толтыру үшін теңгені рубльге айырбастап, шекара асуға мәжбүр.  Приречный – Өрнек ауылдық округінің орталығы. Әкімшілік аумаққа төрт елді мекен қарайды. Оның бірінде ұялы байланыс атымен жоқ. Қалғаны ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қос кәсіпорын басшысы сотталды

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару бойынша әрекеттерінің жолын кесті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Азаттық рухы» сайтына сілтеме жасап.   Тергеу барысында Anast&Asia ШҚ директорының «Деревянко В.Е.» ЖК-ға жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактуралар жазып бергені анықталды. Сот шешімімен кәсіпорын басшылары 1,5 және ...

Толығырақ »

Айнара Жүгінісова: Әкем өліміне кінәлі екі адамның атын жазып кетіпті…

Өткен аптада ақпарат құралдары Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы жазды. Nege.kz тілшісі Қ.Жүгінісовтің қызымен сөйлесті.  Ақпаратта: «Қ.Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, екі апта үй қамақта жатқан. Әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол жұмсаған», – делінген болатын. Кеше Фейсбук желісінде марқұмның қызы Айнара Жүгінісова әкесінің қазасына байланысты жазба қалдырды. Ол: «Папамды осы күйге жеткізген, қазасына себеп болған жағдайлар мен адамдар ...

Толығырақ »

Қостанайда атыс болды: зардап шеккендер бар

Қостанайдың қақ ортасында оқ атылып, бірнеше адам жараланды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.  Тұрғындардың айтуынша, қатты дыбыстан кейін ер адамдар жол бойына жүгіріп шыққан. Олар “кім атты?” деп айғайлаған. “Оқ атылды. Ол жолдың арғы жағымен жүгіріп өтіп, не оның ішінен, не кеудесінен ұстап алды. Бәрі “атты, атты” деді. Содан кейін тағы үш еркек жараланды. Олар бір нәрсе іздей бастады. Жедел жәрдемге қоңырау ...

Толығырақ »