«Кім жөндеп береді?»: Әулиекөлдің үйлеріне газ тартылған тұрғындары алаңдап отыр

Қостанай облысында Әулиекол ауылының тұрғындары газ құбырын тарту жұмыстары дұрыс жүргізілмей жатқанын айтып, шағымданды. Газды су құбырының үстінен өткізіп жатыр екен. Ал бұл адам өмірі үшін қауіпті деп отыр олар. Себебі ондай жағдайда тұрғындар не сусыз қалады, не жарылыс болуы мүмкін деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Әулиекөл ауылының тұрғыны Татьяна Андерс бұл апаттық жағдай екенін айтады.

Мұны бізге кім жөндеп береді?! Жерді қазу кезінде адамдар зардап шегуі мүмкін, – дейді ол.

Тағы бір тұрғын Шынғали Хусаинов та пластмасстан жасалған арзан құбырларды түсіре салған дейді. Оны түсіргенін ешкім қадағаламаған.

Сұмдық жағдай. Қадағалаушыға айтсам, күледі. Мұны қалай түсінуге болады?! – дейді жергілікті тұрғын, су құбырының иесі Юрий Заикин.

Ол 75 үйді сумен қамтамасыз етіп отыр.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов тұрғындар уайымдайтындай ешқандай себеп жоқ екеніне сенімді. Себебі газдандыру жобасы сараптамадан және барлық қызметпен келісуден өткен.

Ешқандай қауіп жоқ. Компания, су құбырларының иесі газ құбырын салуға келісім берді. Қашықтық, бәрі сақталуда, – дейді Қостанай облысының әкімі.

Бірақ техникалық қадағалау саласындағы сарапшылар құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып құрылыс жүргізуге болмайтынын айтады.

«Костанайводпроект» ӨЖП ЖШС авторлық қадағалау сарапшысы Владимир Кочин су құбыры немесе жылу желісі үстінен газ құбыры желілерінің құрылысына жол беруге болмайды дейді.

Бұрын су құбырының осінен немесе газ құбырының осінен бір метрге жуық норма болған, ал қазір екі метр қажет, – дейді маман.

Тұрғындар болған оқиғаға қатысты күйзеліске ұшырағандарын айтады. Өйткені, газ жақын арада іске қосылуы керек. Алайда жайлылықтан бұрын енді олар өмірлері үшін уайымдап жатыр.

фото: видеодан скриншот 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *