Қостанайда «Нұрлы жер» бойынша салынған тұрғын үйлер сапасыз болып шықты

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.

№6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс салушымен де кездескен.

«Нұрлы жер» бойынша берілген үйлер жаңбырға шыдай алмады
«Нұрлы жер» бойынша берілген үйлер жаңбырға шыдай алмады
«Электрмен жабдықтау жүйесі сөніп қалса, бізді осы жерде тоқ соғып өлтіре ме деп қорқамыз! Бұл жаңа үйлер ғой! Барлығы не күтіп отыр? Түсініксіз… Апат болуы керек пе?» – дейді Иванова.

№15 үйдің тұрғындары «үйдің сапасы сын көтермейді» дейді.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *