Қостанай облысында сібір жарасы өршіп кетті

Қостанай облысында Сібір жарасы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туындады. Ірі мал бордақылау шаруашылықтарының бірінде малдар қырылып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Людмила Налобина мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Оның айтуынша, өлім себептерін анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында үш тұрғын ауруды жұқтырып алған. Науқастар қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, жара адамдарға малдан жұққан. Эпидемиологтар мен мал дәрігерлері сібір жарасы қоздырғышының себебін білді. Алайда инфекция көзі әзірге анықталған жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: Қостанай облысында тұрғындар сібір жарасын жұқтырып жатыр

«Қазір жараны жұқтыру ошағында эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, індетке қатысы бар адамдар бактерияға қарсы ем алады, содан кейін олар сібір жарасына қарсы вакцинамен егіледі», — деп атап өтті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы.

Оның мәлімдеуінше, көбіне инфекция көзі болатын орындар — тыйым салынғанына қарамастан, жайылымға айналған ескі сібір жарасы көмінділері.

«Алайда, ауру тіркелген фермада мұндай жерлеу орындары жоқ. Мұның себебі аптап ыстықтан туындаған құрғақшылықтың кесірі деген болжамымыз бар. Өрісте жайылған мал шөпті тамырымен жұлып жегенде топырақта қалған сібір жарасын жұқтыруы мүмкін», — дейді департамент өкілі.

Сібір жарасының инкубациялық кезеңі — 14 күн. Алғашқы белгілері: әлсіздік, дене қызуы, бас және бұлшықет ауруы. Ең көп таралған түрі — тері ауруы. Жараның өршуі терінің қызаруынан басталады. Содан кейін қанталаған көпіршік пайда болады. Көпіршік жарылып, қара көмір түсті жараға айналады. Қостанай облысында сібір жарасымен ауырған жануарлар көмілген орындардың саны — 308. Олардың бәрі биік бетон дуалмен қоршалған, «сібір жарасы» деген ескерту жазуы бар.

Сондықтан, департамент мамандары барынша сақ болуды, тексеруден өткен мал өнімдерін пайдалануды ескертеді.

фото: Pixabay

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *