Қостанай ауруханасы тек коронавирус науқастарын ғана қабылдайды

Қостанай қалалық ауруханасында жоспарлы түрде жатқызылуы тиіс науқастарды қабылдау тоқтатылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұған медициналық мекемеде 280 төсек-орындық, оның ішінде 20-сы жансақтау бөліміне жатқызылатын жұқпалы ауруларға арналған стационардың ашылуы себеп болып отыр.

27 шілдеде сағат 14:00-ден бастап Қостанай қалалық ауруханасында шұғыл (оның ішінде травматологиялық пункт) және жоспар бойынша жатқызылатын науқастарды қабылдау тоқтатылды. Алғашқы көмек облыстық ауруханада көрсетіледі. Қазіргі уақытта науқастар қалалық ауруханадан облыстық ауруханаға ауыстырылуда. 28 шілдеден бастап Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық ауруханада 280 төсек-орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, оның ішінде 20-сы жансақтау бөлімі жатқызылатын стационар ашылады, — дейді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 11 шілдеде Қостанай облысы коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймаққа енді.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...